Петропавлда мектеп оқушысының сөмкесінен суық қару табылған

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
117

Желіде Петропавл қаласында бір оқушыдан тапанша табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы kursiv.media жазды. Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы бұл — қаруға тек сыртқы түрі ғана ұқсайтын зат екенін түсіндірді. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

СҚО білім басқармасы оқиғаның Петропавл қаласындағы мектептердің бірінде болғанын айтты. Ведомствоның нақтылауынша, алаңдатқан сигналдың өзі оқушылардың ата-аналарынан түскен.

«Биылғы жылдың 5 ақпанында мектеп әкімшілігіне білім алушылардың ата-аналарынан жоғары сынып оқушысында тапаншаға сырттай ұқсас зат болуы мүмкін екендігі туралы ақпарат келіп түсті», — делінген хабарламада.

Осыдан кейін мектеп әкімшілігі шара қабылдап, қауіпсіздік бақылауын күшейтті.

«Білім беру ұйымының басшылығы жедел түрде әрекет етті: оқушы мамандандырылған күзет қызметінің қатысуымен мектеп әкімшілігіне шақырылды, заңды өкілдеріне және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторына дереу хабар берілді», — деп қосты СҚО білім басқармасы.

Жағдайға полиция қызметкерлері де қосылды: олар ақпаратты тексеріп, күдікті затты тәркіледі де, тексеру жұмыстарын бастады.

«Тексеру барысында құқық қорғау органдары қызметкерлері затты алып қойды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр», — деп түйіндеді ведомство.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында денсаулық саласына қатысты да жаңалықтарды айтт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік саланы цифрландыру мәселес...