«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды: ҰҚК ресми ақпарат таратты

коллаж

ЖАҢАЛЫҚТАР
199

Қазақстанда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Ерлан Өтіншиев ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

ҰҚК мәліметінше, 2026 жылғы 11 қарашада ведомствоның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі екі ұлттық компанияның басшысын және өзге де тұлғаларды сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұстаған.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алайда олардың нақты қандай қылмысқа қатысы бар екені, іс бойынша қанша адамның ұсталғаны және қандай көлемдегі қаражат туралы сөз болып отырғаны әзірге жарияланған жоқ.

«Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысына қатысты өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Ведомство сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» еліміздегі ірі мемлекеттік активтерді басқаратын қор болса, «Қазақстан темір жолы» – ұлттық теміржол тасымалдаушысы.

Әзірге ұсталған басшыларға қатысты істің егжей-тегжейі белгісіз. Олардың кінәлі не кінәсіз екені сот шешімімен анықталады.

Шоу-бизнес

Танымал әзілкеш Мансар Орынхан жұбайы Нұрайым Халиланың әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін отбас...

Өнер

Актер Азамат Сатыбалды желіде жазба қалдырып, елдің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды MadeniPorta...