Атырау облысында тағы да үшем дүниеге келді

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
207

Құрманғазы ауданының тұрғыны Арай Ерғалиева үшемді дүниеге әкелді. Нәрестелерді үшеуі де ұл бала, деп хабарлады madeniportal.kz.

Сәбилердің салмағы 2500-2700 грамм аралығында.

«Балаларға Нұрислам, Нұриман, Нұрмұхамбет деп ат қойдық. Отбасымызға осындай қуаныш сыйлаған келінімізге көп рақмет. Үйде оларды күтіп отырған үлкен әжесі мен екі бауыры бар», - деді үшемнің атасы Исбергенов Салық.

 Нәрестелерді үйге шығару рәсіміне облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев пен облыстық перинаталдық орталық директоры Қазбек Ермағамбетов қатысты.

«Орталықта 2024 жылғы 25 қыркүйекте үшем дүние есігін ашты. Осы уақытқа дейін анасы мен балалары дәрігерлердің бақылауында болды. Денсаулық жағдайлары жақсы», - деді Қ.Ермағамбетов.

Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері нәрестелерге балалар арбасын сыйға тартты.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста екінші рет үшем туылды.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...