Қазақстанда 80-нен астам блогер жазаға тартылды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
926

Қазақстанда 89 блогер мен аккаунт рұқсатсыз лотерея мен ұтыс ойындарын өткізгені үшін анықталды. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Бұл туралы Ойын бизнесі мен лотереяларды реттеу комитеті жазды.

Комитет бұл тұлғаларды алдын ала ескертіп, онлайн және жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Тізімге миллиондаған жазылушысы бар ірі инфлюэнсерлер, коммерциялық парақшалар және арнайы ұтыс ойындарына арналған аккаунттар кірген.
Тізім министрліктің сайтында жарияланған.

Егер ұйымдастырушы өз кінәсін мойындаса, айыппұл төлейді.
Қарсы болған жағдайда іс сотқа жіберіледі.
Заң бойынша, лицензиясыз лотерея өткізген жеке тұлғаға — 100 АЕК, жеке кәсіпкерлерге — 300 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Қайталанған жағдайда айыппұл екі есе өсіп, табыс тәркіленеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...