Қазақстанда автокөлік нөмірлерін мұрагерлік бойынша беруге рұқсат етіледі

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
17

Қазақстанда 2026 жылғы 25 мамырдан бастап автокөліктің бұрын пайдаланылған мемлекеттік нөмірлік белгілерін жақын туыстарына қайта беруге және мұрагерлік бойынша қалдыруға рұқсат етіледі, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ведомство автокөліктерді тіркеу ережелеріне тиісті түзетулер енгізді.

Жаңа қаулыға сәйкес, бұрын тіркеуде болған кез келген нөмірді мемлекеттік органдар мен дипломаттарға, сондай-ақ бұрынғы иесінің жұбайына, ата-анасына, балаларына, асырап алушылары мен асырап алынған балаларына, туған немесе өгей аға-інілері мен апа-сіңлілеріне, ата-әжелеріне, немерелеріне және заңды құқық мұрагерлеріне қайта рәсімдеуге болады. Бұған дейін қолданыста болған нөмірлерді қайта беру тек жоғары сұранысқа ие, яғни «әдемі» нөмірлер үшін ғана рұқсат етілген еді.

Сонымен қатар, 25 мамырдан бастап сатылымға шығатын «әдемі» нөмірлердің тізімі 101, 202, 303, 404, 505, 606, 717, 808, 909 сияқты жаңа цифрлық комбинациялармен және бірдей әріптері бар ұқсас нұсқалармен толығады. Бұған дейін бұл комбинациялар тек Салық кодексінде көрсетілгенімен, көліктерді тіркеу ережесінде болмаған еді. Ал айналы әріптері бар нөмірлерді арнайы бағамен сату әзірге жоспарда жоқ.

Айта кетейік, жаңа тізімдегі цифрлары бар нөмірлерді алу үшін мемлекеттік баж салығы 15 АЕК-ті (2026 жылы 64 875 теңге) құрайды, ал егер оған бірдей әріптер комбинациясы қосылса, құны 72 АЕК-ке (311 400 теңге) жетеді. Бұл тарифтер Салық кодексінде алдын ала бекітілгендіктен, ережеге ресми енгізілгенге дейін де, яғни 2026 жылдың басынан бастап автокөлік иелеріне беріле бастаған болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды облысында 17 жастағы жасөспірім мотоциклмен 8 жастағы қызды қағып кетіп, салдарынан бала о...

СҰХБАТТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптас...