Атырауда белгісіз дронға ұқсас бөлшектер табылды

Фото: Habr

ЖАҢАЛЫҚТАР
1574

Атырау облысының Құрманғазы ауданында тағы да ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі бөлшектер табылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бөлшектер Атырау облысында шекараға жақын, далалық жерде табылған.

Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, табылған зат бойынша тексеру жұмыстары басталған.

"Құзырлы органдармен бірлесе отырып, сыртқы келбеті дрон бөлшектеріне ұқсайтын объектіге қатысты тексеру шаралары жүргізілуде. Объект дала аймағынан табылды. Залал мен зардап шеккендер жоқ. Барлық деректер мен мән-жайлар анықталып жатыр", — делінген хабарламада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...