Атырауда мұнай ұңғымасындағы төтенше жағдай: зардап шеккендер бар

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2173

Атырауда мұнай ұңғымасындағы өртті сөндіру кезінде бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

«Батыс Прорва» кен орнында мұнай ұңғымасындағы өртті сөндіру кезінде бір жұмысшы зардап шекті.

Ұңғыманы тоқтату үшін жүргізілген гидравликалық сынақ кезінде оқыс оқиға болған. Салдарынан жұмысшының бірі кеудесінен жарақат алған, алайда оның ішкі ағзасына зақым келмеген.

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның хабарлауынша, ол Құлсары орталық ауруханасына жатқызылды. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Екінші жұмысшы дәрігердің қарауынан кейін үйіне шығарылды. Бұл оқиға туралы ақпарат Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне жіберілді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағандылық нәрестеде туа біткен жүрек ақауы болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Бұған дейін с...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Непал мен Қытайдың Тибет автономиялық ауданында болған табиғи апаттан кейін хабар-ошарсыз кеткен екі...