Илья Ильиннің ізбасары Азия чемпионатында алтын медаль иеленді

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1633

Астанада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшысы Ерасыл Сәулебеков топ жарды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Sportinside.kz жазды.

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Сәулебеков қоссайыс нәтижесі бойынша 344 (153+191) келіні еңсеріп, қарсыластарынан оқ бойы озық шықты.

Күміс жүлде өзбекстандық Бекзод Гофиржоновқа бұйырды – оның нәтижесі 341 (151+190) келі. Ал үшінші орынды үндістандық Сайраж Пардеши 338 (152+186) көрсеткішімен еншіледі.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының 8 шілдеде жеңіп алған екінші алтын медалі. Бұған дейін Кира Данилова жасөспірім қыздар арасында чемпион атанған болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...