Демалыс күндері Қазақстанда күн райы қандай болады?

Фото: Pinterest

ЖАҢАЛЫҚТАР
1761

Синоптиктер алдағы демалыс күндері ел аумағында күн райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, атлантикалық циклонның әсерінен алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ және бұрқасынмен бірге желдің күшеюі күтіледі.

Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болмақ.

Ауа температурасының негізгі фоны күндіз батыс өңірлерде +5...+15°С, солтүстік-батыста 0...+10°С, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда -3...+2°С, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +5...+15°С шамасында болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...