Документалист Әлия Әшім "Желтоқсанға жауаптылар неге сотталмады?” атты деректі фильмінде желто...
Шымкентте әкесі анасын өлтірген 7 бала далада қалды: тұңғышы сұмдықтың бетін ашты
Фото: Марқұмның жеке мұрағатынан
5 ақпан күні Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан 42 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Madeniportal.kz.
Әкеміз бізді де ұратын дейді тұңғышы Перизат. Оның сөздерін журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде жариялады.
“Анамыз аспаз еді. Бар ғұмырын әкемнің туыстарын күтіп-баптауға арнады. Науқас атамыздың астын сүртіп-жуып оны күтті. Әжеміз де анамыздың қолына қарады. Папам мамамды неге ұрды деп миым жетпейтін.
Шаршадым, ажырасайық деп анам шешімді бір күнде қабылдады. Бұл, әрине, әкеме ұнамады. 2020 жылы заңды ажырасты. Бірақ, әкеміз біз қайда көшсек те аңдып, мазалап, есік күзетіп тұратын. Мен жұмыс істеймін, пәтер ақысын өзім төлеп, анамыз балаларға қарап бақытты ғұмыр кеше бастадық.
04/02/25 әкем анамды тағы сөйлесейік деп шақырыпты. Ойында дәнеңе жоқ анам, 2 кіші баласы мен қос немересін ертіп
шақырған жерге барады. Кешке өз аяғымен кірген үйден ертеңіне өлігі табылды. 3-ші қабатынан секіріп кетті дейді әкем. Сол түнге куәгер 4 жасар інім, есінде қалған сұмдықтың бәрін айтты. Анамның үсті-басында сау тамтық жоқ. Қол-аяғында отвертка, біз, пышақ сұққандай із қалыпты.
Жерлеуге әкем де, туыстары да келмеді. Көп ұзамай әкеміз күдікті деп қамауға алынды.
Үрпиіп 7 бала 7 бұрышта қалдық. Есеңгіреп отырғанда 5 бауырымызды бізден ажыратып опека алып кетті. Төртеуі ЦАН-да, кішкентай сіңілім дом малютокта. Бәрінің тағдыры қыл үстінде. Сіңілім екеуміздің жасымыз 18-ден асқанымен үйіміз жоқ. Бәріміз бірге болғымыз келеді, бізді бөлмеңіздерші! 6 іні-сіңілімді бауырыма басып, бағып-қағуға толық күш-қабілетім жетеді”, - дейді Перизат.
Гүлмира Әбіқай Перизатпен таңға дейін сөйлескенін айтады. Енді залықтан жылу жинап, оларға үй алып бермекші.