Атырауда сотталушы аузын тігіп, тамырын кесіп тастады

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2309

Атырау тергеу изоляторында сотталған азамат аузын тігіп, тамырын кесіп тастады. Оқиға 7 мамырда УГ-157/9 тергеу изоляторында болған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Куәгерлердің айтуынша, изолятор ғимаратынан айқайлаған дауыстар естіліп, кейін камера терезесінен қанға малынған шүберектер лақтырылыпты.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаға қарасақ, ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша сотталған 24 жастағы азамат өз-өзіне жарақат салып, қолының тамырларын кесіп, аузын тігіп тастаған. Ол осылайша Қарағандыдағы қатаң режимдегі түзеу мекемесіне этаппен жіберілуге қарсылық білдірген.

Ал сотталған азаматтың анасы ұлының жазасын үйге жақынырақ жерде өткізуін сұрап отырғанын, тым болмаса, Орал қаласында қалдыруды сұрайтынын айтқан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...