Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырған опе...
Австралияда 16 жасқа дейінгі балалар әлеуметтік желілерді пайдалана алмайды
Фото: alam.ps
Австралия үкіметі 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға қатаң тыйым салатын заңды қабылдауды көздеуде. Бұл туралы елдің премьер-министрі Энтони Альбанезе мәлімдеді. Үкімет бұл бастаманы әлемдік деңгейдегі саясат деп атады. Заң жобасы парламентке биыл енгізіліп, мақұлданған жағдайда келесі жылы күшіне енуі мүмкін, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Австралия балалардың әлеуметтік желілерге кіруін шектеу үшін жас ерекшеліктерін тексеру жүйесін тестілеуде.
«Әлеуметтік желілер біздің балаларымызға зиян келтіріп жатыр және мен олардың бұл әрекеттерін тоқтатуға шақырамын», — деді Альбанезе.
Альбанезенің айтуынша, әлеуметтік желілерді шамадан тыс пайдалану балалардың денсаулығына қауіп төндіреді.
Бұл заң жобасы аясында әлеуметтік желілерге ата-аналардың рұқсаты болған жағдайда да шектеулер қойылады.
Австралияның байланыс министрі Мишель Роулендтің айтуынша, Meta компаниясының Instagram және Facebook желілері, ByteDance компаниясының TikTok желісі, сонымен қатар Илон Масктың X және Alphabet компаниясының YouTube платформалары заңға сәйкес әрекет етуі тиіс. TikTok бұл мәселеге қатысты түсініктеме беруден бас тартты, ал Meta, Alphabet және X жауап бермеді.
Бұл бастама балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуге бағытталған әлемдегі ең қатаң саясаттың бірі болып саналады.