Қазақстанда қосымша жұмыс істейтін аналар әлеуметтік төлемдерден айырыла ма: Еңбек министрлігі түсіндірді

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
451

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілерде тараған “қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айырады” деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ведомствоның мәліметінше, бала 1,5 жасқа толғанға дейін күтім жасайтын жұмыс істемейтін ата-аналарға мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен шартсыз түрде төленеді. Яғни, ата-ана жұмыс істесе де, бұл төлем тоқтатылмайды.

Ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын жұмыс істейтін ата-аналарға бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем қарастырылған. Ол соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың шамамен 40%-ын құрайды.

Министрлік атап өткендей, төлемдерді тоқтату тек алушының өз еркімен өтініш беруі арқылы ғана жүзеге асады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда TikTok-та тікелей эфир кезінде боғауыз сөздер айтқан екі адам әкімшілік жауапкершілікке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүлдіршіннің анасы қызынан қанды бөлініс және жағымсыз иіс байқап, дәрігерлерге жүгінген, деп хабарл...