Атырауда жоғалған отбасыға қатысты ел естімеген тың дерек шықты (ВИДЕО)

ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
226

Атырау облысы Жангелдин ауылында болған қанды оқиғаға байланысты негізгі күдіктілердің бірі ретінде аталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы келіні Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты жаңа жайттарды жария етті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Malim.kz жазды.

Марқұм ерлі-зайыптылардың кенже қызының енесі құқық қорғау органдары кейбір деректерді бұрмалап, жағдайды дұрыс түсінбей отыр деген пікір білдірген. Оның айтуынша, келінінің шашын тықырлап алу тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты емес.

Журналист Руслан Өтепбайдың "Келіннің шашын не себепті алдыңыздар?" деген сауалына ол келесідей жауап берген.

"Келіннің үсті-басына жара түсіп кетті. Биттеп кетті. Сосын, амал жоқ, тықырлап алып тастадық. Өзім рұқсат бердім. "Сұлтан, шашын алып таста! Түнімен басын қасып, жара қылды. Жаймасының бәрі жараның қабығынан көрінбейді. Балаларға жұғып жүрер. Масқара боламыз" дедім. Сұлтан қия алмады. Қанша дегенмен жақсы көреді ғой. Сүйіп қосылған келіншегі. Алып тасташы. Жаз ғой. Душ бар. Ақбаян өзі қарсы болған жоқ. Қайта, рахаттанып қалды. Жудым басын аппақ қылып. Қан құйылғаннан реакция беріп тұрған ғой. Содан жара шыққан. Оны полиция басқаша түсінді. "Неге алдыңыз шашын?  Олай ала ма?" деп, басқаша оймен айтады. "Күйеуінен таяқ жеп, шашын алып тастаған" деп ойлайды. Арасы жақсы болды олардың. Кикілжің болған жоқ", – деді күдіктінің анасы.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал журналист Жанат Жақсыбайқызы шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Ол Атыр...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көші-қон заңнамасын сақтау аясында болу тәртібін бұзған 40 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды, деп...