Ресейдің Красноярск өлкесінде жоғалған бала Павлодардан табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1609

Ресейдің Красноярск қаласында тұратын азамат 11 жастағы ұлын іздеп, Қазақстанның құқық қорғау органдарына дейін шағымданған. Баланы Ресейдің құтқарушылары мен достары бір аптадай іздеген, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысының полиция департаменті хабарлағандай, 5 ақпан күні бала әдеттегідей мектепке кеткен. Бірақ, үйіне қайтып оралмаған. Мектептекі достары ұлдың қайда кеткенін айта алмаған. Әкесі мен құтқарушылар баланы іздеп, өте ауқымды операция бастаған. Облыс пен оған жақын орналасқан аумақтардың бәріне хабарландыру жіберген.

«Анықталғандай, баланың ата-анасы ажырасып кеткен. Сот баланы ата-анасының екеуі де қарай алады, екеуінің үйінде де жүре алады деген шешім шығарған. Сол 5 ақпан күні анасы баланы алып, Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы өз ағасының үйіне алып кеткен. Бірақ, баланың әкесіне ол туралы ескертпеген», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сочидегі Бонди-Бич жағажайында болған атыс салдарынан 12 адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды. Оқиғ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...