Автобустың іші құм, шаң: Астаналықтар лас автобустарға шағымданып жатыр

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1573

Астана тұрғындары қоғамдық көліктегі тазалық мәселесіне наразылық білдіріп, автобустардың ішіндегі лас жағдайға байланысты әлеуметтік желіде шағым тарап жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Instagram-дағы танымал парақшалардың бірі автобус салонындағы жағдайды сынап, жазба жариялады. Жазба авторы №14 бағыттағы автобустың ішіндегі ахуалға наразылық білдірген. Оның айтуынша, автобустың іші шаң, құм және лас. 

"Сәлеметсіздер ме, №14 маршрут өте лас, ішінде шаң мен құм бар. Автобустарды неге парк ішінде жумайды? Бұл – әсіресе Астанаға келетін қонақтар алдында өте ұят жағдай", – делінген жазбада.

Жазба астындағы пікірлерде қолданушылар авторды қолдап, тазалық мәселесі тек №14 бағытқа ғана емес, басқа маршруттарға да қатысты екенін атап өтті.

Қала тұрғындары тиісті қызметтерден шара қолданып, автобустардың ішін ретке келтіруді сұрап отыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...