Отбасы банкте қандай өзгерістер болады? Тоқаев заңға қол қойды

Фото: ulysmedia.kz

Жаңалықтар
231

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды madeniportal.kz orda.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Заңның мақсаты – тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж қазақстандықтарды мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру. Түзетулердің бірінші блогында «Отбаса Банк» базасында азаматтарды тіркеу және тұрғын үй бөлу мәселелерімен орталықтандырылған түрде айналысатын Даму және қолдау институты құрылады деп болжанады. 

Сондай-ақ, «Отбасы Банкі» жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді жалға алу төлемінің бір бөлігін субсидиялауды, жеңілдетілген ипотекалық несие беруді, мұқтаждардың тіркелген күні мен кіріс деңгейін ескере отырып, тұрғын үйді бөлуді жалғастырады» делінген Ақорданың хабарламасында. 

Бұл тәсіл бірінші кезекте ұзақ уақыт пәтер кезегінде тұрғандарды баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Түзетулердің екінші блогында баспанаға мұқтаж жандарға қосымша кепілдіктер қарастырылған.

Үшінші блок – қазақстандықтардың мемлекеттен алған пәтерлерді иелену және пайдалану шарттарын реттейтін толықтырулар мен нақтылаулар.

Төртінші блок жер заңнамасының, құрылыс туралы заңдардың және жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру туралы заңдардың жекелеген тармақтарын жетілдіруге бағытталған. 

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...