Әйел әжетханада босанып, қан жоғалту салдарынан көз жұмды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
478

Шереметьево әуежайының дәретханасында босанған әйел қан жоғалтудан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«База» мәліметінше, 30 жастағы әйел Антальядан ұшып келген. Мәскеудегі әуежайға жеткеннен кейін оның толғағы басталып, дәретханаға барған. Сол жерде ұл баланы дүниеге әкелген. Босанғаннан кейін әйел кабинаның ішінде қалып, еденде отырып, есікті аяғымен тіреп алған.

Айқай мен қан іздерін байқаған куәгерлер оған көмек қажет пе екенін сұраған, алайда әйел көмектен бас тартқан. Басылымның жазуынша, ол жаңа туған нәрестенің аузына дәретхана қағазын салып, кейін сәбиді қоқыс жәшігіне тастаған. Артынша куәгерлер әуежайдың медициналық қызметін шақырған.

Әйел көп мөлшерде жатырдан қан кету белгілерімен ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады — ол ауруханада көз жұмды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жеті ителгіні Қатарға заңсыз әкетпек болған үш адам жеті жылдан бас бостандығынан айырылды,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда тоғыз жастағы балаға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп...