БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
94

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында екі қазақстандық қыздың қаза болғаны белгілі болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ведомствоның мәліметінше, қазір оқиғаның мән-жайын БАӘ-нің жергілікті құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Тергеу жұмыстарына байланысты әзірге қайғылы жағдайдың нақты себептері жарияланған жоқ.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Шарджа қаласында қаза тапқан азаматтарымыз А.Б. және Ж.Б.-ның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. СІМ марқұмдардың отбасыларымен байланыста және өз құзыреті шегінде қажетті көмек көрсетіп жатыр», – деп хабарлады министрлік.

Туыстарының айтуынша, 2006 және 2004 жылы туған екі қыз Шарджада жұмыс істеген. Олар тамыз айының соңы – қыркүйек айының басында Қазақстанға оралуды жоспарлаған. Алайда шамамен бір апта бұрын жақындарымен байланысын үзген.

Кейін туыстарына қыздардың қаза болғаны туралы хабар жеткен. Жергілікті құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы марқұмдардың отбасыларына консулдық-құқықтық көмек көрсетіп, БАӘ құзырлы органдарымен байланыста.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Риддерде 13 жастағы қыз мотоциклмен келе жатып, жолға тартылған арқанға соғылып, көз жұмды. Қайғылы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда енесіне жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хаб...