Көшпенділер ойындарындағы жетістігі үшін кімдер мемлекеттік награда алды?

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
150

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Ақордаға сілтеме жасап.

 

                                       

 

Мемлекет басшысының Жарлығымен спорттағы жоғары жетістіктері, сондай-ақ Бішкек қаласында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқаны үшін наградталды: 

"Құрмет" орденімен

 

Айдархан Нұрдәулет Мырзаханұлы – "Шардара Армспорт спорт клубы" КММ спортшысы, Түркістан облысы 

Ахметов Диас Берікұлы – "Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы" РМҚК жаттықтырушысы, Астана қаласы

Ахмолдин Эдуард Ахметжанович – "Qazaq Jokey Club" РҚБ жаттықтырушысы, Алматы қаласы

Әбілқасымов Нұржан Бекқасымұлы – "Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы" РМҚК жаттықтырушысы, Астана қаласы

Әлімжанов Еркін Қайнулдинұлы – "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" РМҚК жаттықтырушысы, Астана қаласы

Бадашев Елдос Әлмаханбетұлы – "Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы" РМҚК жаттықтырушысы, Астана қаласы

Базарбаев Берікбол Ибекенұлы – жеке кәсіпкер, Жетісу облысы

Байзақов Бақтияр Болатұлы – жеке кәсіпкер, Павлодар облысы

Байкенов АсланбекЖақыпбекұлы – "Qazaq Jokey Club" РҚБ жокейі, Алматы қаласы

Бекмұсаев Жанбатыр Сайлауұлы – "Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы" РМҚК жаттықтырушысы, Астана қаласы

Есен Ахмет Жалғасұлы – "Ұлттық спорт түрлерінен "Жетісу" кәсіпқой спорт клубы" КМҚК спортшысы, Талдықорған қаласы

Жақапбаева Айнұр Әбсадыққызы – "Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы" РМҚК жаттықтырушысы, Астана қаласы

Зікірияев Биғали Жеңісұлы – "Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы" МКҚК жаттықтырушысы

Келдіқұлов Ғани Құдайбергенұлы – "Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы" РМҚК жаттықтырушысы, Астана қаласы

Күнтуған Арманбек – "Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы" РМҚК жаттықтырушысы, Астана қаласы

Қабдоллаева Аяш Советбекқызы –"Глубокое кентінің балалар шығармашылығы үйі" КМҚК мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданы

Мұстафин Қанат Султанғазыұлы – Туризм және спорт министрлігі

"Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК жаттықтырушысы

Нығманов Жасыбай Рахметұлы – "Біріккен жеміс-көкөніс компаниясы" ЖШС басшысы, Павлодар қаласы

Өткелбай Дарын Ақылбайұлы – "Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлерінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" МКҚК спортшысы

Пазылбек Қайрат Серқұлұлы – "Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы" РМҚК директоры, Астана қаласы

Рахымбердиев Жомарт Елеусізұлы – Алматы облысы бойынша "Бәйге" федерациясы" РҚБ филиалының жаттықтырушысы

Серікқызы Мөлдір – "Интеллектуалдық спорт түрінен облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" КММ жаттықтырушысы, Ақтөбе облысы

Табылдиев Рамазан Ерікұлы – "Qazaq Jokey Club" РҚБ спортшысы, Алматы қаласы

Шотаев Мақсат Есенбекұлы – "Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы" РМҚК жаттықтырушысы, Астана қаласы

Ізбасаров Сырым Нұржанұлы – "Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлерінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" МКҚК жаттықтырушы-оқытушысы;

 

                                 

 

"Ерен еңбегі үшін" медалімен

 

Әутәліпов Ерасыл Дәуренұлы – "Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы" РМҚК спортшысы, Астана қаласы

Байғонов Дамир Маратқанұлы – "Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт клубы" КММ оқытушы-жаттықтырушысы, Шығыс Қазақстан облысы

Бақтыбай Қанат Саутбекұлы – "Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлерінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" МКҚК жаттықтырушысы

Газаев Расул Абудинович – жеке кәсіпкер, Жамбыл облысы

Ғалымжанова Әсемгүл Хабиболлақызы – "Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы" РМҚК спортшысы, Астана қаласы

Досжанов Рүстем Әмірғазинұлы – "Ұлттық спорт түрлерінен "Жетісу" кәсіпқой спорт клубы" КМҚК директоры, Талдықорған қаласы

Ержан Ернар – "Ұлттық спорт түрлерінен "Жетісу" кәсіпқой спорт клубы" КМҚК спортшысы, Талдықорған қаласы

Жакиев Айдын Нартайұлы – "Ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлерінің спорт клубы" КММ спортшысы, Қостанай облысы

Жалғасұлы Серікболсын – "Ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлерінің спорт клубы" КММ спортшысы, Қостанай облысы

Жапишев Ермек Жұмабекұлы – "Кәкен Аханов атындағы орта мектеп" КММ мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы

Кәрім Нұрталап Болатұлы – "Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы" РМҚК нұсқаушы-спортшысы, Астана қаласы

Қабдолдаев Берікхан Қожегенұлы – жеке кәсіпкер, Жетісу облысы

Қайдаров Азамат Нұрболатұлы – "Aqbobek International sсhool" ЖШС жаттықтырушы-оқытушысы, Ақтөбе қаласы

Құттымұратов Медет Құттымұратұлы –"Шардара аудандық ұлттық спорт клубы" КММ директорының орынбасары, Түркістан облысы

Ошабаев Достан Алмабекұлы – Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысы департаментінің инспекторы

Парахат Нұрбек Қосмалиұлы – "Qazaq Jokey Club" РҚБ спорт клубының серіктесі, Алматы қаласы

Рахметқалиев Мейір Қауленұлы – "Қазақстан Республикасының арқан тартыс федерациясы" қауымдастық нысанындағы ЗТБ мүшесі, Астана қаласы

Реимбай Қанат Жалғасбайұлы – "Ұлттық спорт түрлерінен "Жетісу" кәсіпқой спорт клубы" КМҚК спортшысы, Талдықорған қаласы

Сайлау Мұхаммеджан Жанбатырұлы – "Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы" РМҚК спортшысы, Астана қаласы

Салман Аружан Бауыржанқызы – "Олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі" КММ жаттықтырушы-нұсқаушысы, Түркістан облысы

Сапар Болат Мұхтарұлы – Туризм және спорт министрлігі "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК нұсқаушы-спортшысы

Сапарқұл Айбек Асқарұлы – "Қазақстан Республикасының Көкпар федерациясы" КБ менеджері, Астана қаласы

Серғазин Сұңғат Мұратұлы – "Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Білім-Инновация" лицейі" КММ мұғалімі

Сүлеймен Ернұр Нұрлыбекұлы – "Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы" КММ жаттықтырушы-оқытушысы, Жамбыл облысы

Сыдықжан МаленаРустамқызы – "М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" КеАҚ студенті

Төлебай Жарас Айтбайұлы – "Ұлттық спорт түрлерінен "Жетісу" кәсіпқой спорт клубы" КМҚК спортшысы, Талдықорған қаласы

Тулыбеков Абзал Тоқтарұлы – "Ұлттық спорт түрлерінен "Әулие-Ата" кәсіпқой клубы" КММ аға жаттықтырушысы, Жамбыл облысы

Уалиев Азамат Александрович – "Б Агро" ЖШС қызметкері, Өскемен қаласы

Уалиев Ерлан Александрович – "Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт клубы" КММ жаттықтырушысы,Шығыс Қазақстан облысы

Устинов Данил Алексеевич – "Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды өткізу спорт клубы" КММ спортшысы

Шәкіртов Дінислам Лұқбекұлы – "Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт клубы" КММ оқытушы-жаттықтырушысы, Шығыс Қазақстан облысы

Шәріпов Дәурен Мырзабосынұлы – "Тарханка орта мектеп-балабақша кешені" КММ мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданы

Шишкин Константин Владимирович – "Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Білім-Инновация" лицейі" КММ қызметкері

Ыдырыс Жақсылық Берікболұлы – "Ұлттық спорт түрлерінен "Жетісу" кәсіпқой спорт клубы" КМҚК спортшысы, Талдықорған қаласы;

 

                                 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы беріледі

 

Бекбатыр Нұрасыл Бақытжанұлы - Алматы облысы Жамбыл ауданының Сұраншы батыр ауылындағы орта мектебінің оқушысы

Өмекей Санжар Берікұлы - Алматы облысы Жамбыл ауданының Сейдахмет Бердіқұлов атындағы орта мектебінің оқушысы

 

Мемлекет басшысы чемпиондар мен жүлдегерлерге, бапкерлер құрамына және барша мамандарға шынайы ризашылығын жеткізіп, мұндай ерен жетістіктер Қазақстанның ұлттық спорт түрлері дамыған ел ретінде халықаралық беделін асқақтата түсетінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларымыздың ең беделді сайыстарда биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.