Мұхаммед Салихтың өлеңдер жинағы тұңғыш рет қазақ тілінде «Вал-фажр» деген атпен жырық к...
"Мағынасын енді түсіндік": Ержан Максимнің анасы жарнама режиссерімен ұрысып қалғанын айтты
«Голос. Дети» байқауының финалисі Ержан Максимнің анасы ұлының қатысуымен түсірілген жарнамалық роликке қатысты пікір білдірді. Аталған роликке Гүлмира Әлібектің өзі де түскен болатын, деп хабарлайды madeniportal.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сүйеніп.
Қазақстандық құрылыс компаниясы сюжеті бойынша анасы мен баласы үй таңдайтын жарнамалық ролик түсірді. Ержан Максим жаңа тұрғын үй кешенін көріп шыққаннан кейін компания өкілінен бірінші қабаттан үй сатып алуға бола ма деп сұрайды.
Маман «Жоқ, бірінші қабатта бәрі сатылған, есесіне екіншіде бар» дейді. Сол сәтте Ержан Максим «Эх, тағы да ма?» деп күрсінеді.
Гүлмира Әлібек Газета.ru порталына берген сұхбатында түсірілім барысында көпшілік айтып жатқандай екіұшты ой көрмегенін айтады.
«Біз мағынасын роликті көрген соң ғана түсіне бастадық», - деп мәлімдеді ол.
Айтуынша, ол жарнама ролигінің режиссерімен осы келеңсіз жағдайға бола ренжісіп қалған және өкінеді.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Бірінші арнаның Алсудың қызының жеңіске жеткен қорытындыны жойғаны туралы хабарладық. Бұл аталған арнаның Group-IB есебімен танысқаннан кейін болып отыр. Тексеріс барысында Алсудың қызы Микелла Абрамоваға 38 мың дауыстың жасанды жолмен берілгені белгілі болды.
Ержанның анасы байқау қорытындысын естіп қатты таңғалғанын жасырмады. Десе де, ол бірінші орынға кімнің лайық екенін айтпады. «Әзірге айтар сөзім жоқ» деді ол.