Павлодар облысында пешпен жылыту жүйесінің дұрыс істемеуінен ерлі-зайыптыларға иіс тиіп, 34 жастағ...
Жезқазғанда мұнай базасы мен 3 автокөлік өртеніп, 4 адам ауруханаға жеткізілді
Фото: ТЖМ
Жезқазған қаласында мұнай базасы өртеніп күрделілігі жоғары өрт болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Жезқазған қаласында орналасқан мұнай базаларының бірінің аумағында арнайы мақсаттағы 3 автокөлік өрттенді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін газ-ауа қаспасы жарылып, ангардың қабырғалары қираған.
“Оқиға орнына бірнеше минут ішінде дереу келген ТЖМ-нің алғашқы бөлімшелері қорғаныс жылу шағылыстырғыш костюмдерінде өртті сөндіре бастады. Сол кезде қосымша өрт есептеулері де соңынан келіп жетті. Қанат жайған жедел штаб жанармайы бар резервуарды салқындату арқылы қорғау үшін есептеулердің бірін жіберу туралы стратегиялық шешім қабылдады”, делінген ТЖМ хабарламасында.
Өртке жақын тұрған гидранттарға автоцистерналарды орналастыра отырып, өрт сөндірушілер көбік шабуылының көмегімен 100 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді.
Өрт салдарынан мұнай базасының 4 қызметкері ауруханаға жатқызылды.
Өрттің себебі анықталып жатыр.