"Балалар еденде ұйықтаған": Депутат жазғы лагерьлерді сынға алды

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

ЖАҢАЛЫҚТАР
86

Мәжілістің депутаты Темір Қырықбаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевқа балалардың жазғы лагерьлеріндегі қауіпсіздік пен қызмет сапасына қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Депутат жыл сайын мыңдаған бала жазғы лагерьлерде демалатынын айтып, мұндай орындар балалардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілетін орта болуы керектігін атап өтті. Алайда соңғы жылдары лагерьлерде орын алған бірқатар жағдай қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызған.

Темір Қырықбаев Алматыдағы «Арман дала» лагерінде сауна, мейрамхана мен компьютерлік клуб жұмыс істегенін, балалардың еденде ұйықтауға мәжбүр болғанын және ұлдар мен қыздардың бір бөлмеге орналастырылғанын айтты.

Сондай-ақ ол Маңғыстау облысындағы «Айналайын» лагерінде орын тапшылығынан балалар екі адам болып бір төсекте немесе еденде жатқанын, қауіпсіздік талаптарының өрескел бұзылғанын еске салды, - деді ол.

Бұдан бөлек, Түркістан облысындағы «Арман» лагерінен 400 баланың ата-аналардың наразылығынан кейін мерзімінен бұрын эвакуацияланғаны, ал Шымкенттегі «Үш бұлақ» лагерінде белгіленген сыйымдылық нормасының асыра орындалғаны айтылды.

Мұндай фактілердің жиі қайталануы бұл салада жүйелі проблемалардың бар екенін көрсетеді, – деді депутат.

Оның айтуынша, балалар лагері тек демалыс орны емес, баланың тұлға ретінде қалыптасатын, әлеуметтік дағдылары дамитын маңызды орта болуы тиіс.

Сонымен қатар депутат ата-аналардың шағымына да тоқталды. Оның сөзінше, көптеген өңірде мектеп жанындағы лагерьден басқа мүмкіндік жоқ, жолдама бағасы қымбат, ал сапасына кепілдік берілмейді.

Темір Қырықбаев 2026 жылғы 1 сәуірден бастап балалар лагерьлерін лицензиялау жүйесі енгізілгенін еске салып, министрліктен қандай ұйымдардың лицензия алғаны және балаларды қабылдауға дайын екені туралы ақпарат беруді сұрады.

Сондай-ақ депутат өңірлердің балалар демалысы ұйымдарымен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізуді ұсынды.

Депутат балалардың қауіпсіздігін күшейту үшін бірнеше нақты ұсыныс айтты. Атап айтқанда, бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің, ата-аналар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен лицензияланбайтын лагерьлерге тұрақты тәуелсіз мониторинг енгізуді ұсынды.

Бұдан бөлек, лагерьлерде қауіпсіздік талаптары бұзылған жағдайда бақылаушы органдар мен лагерь иелерінің жеке жауапкершілігін күшейту қажеттігін айтты.

Сондай-ақ балалардың бос уақытын ұйымдастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жұмсалуына ашық бақылау орнату ұсынылды. 

Без категории

Әу баста тозаңнан да кіші материя бір мезетте жарылып, бүкіл дүние пайда бола салғаны, миллиметрде...

ӘДЕБИЕТ

Бұл шығарма өмірде болған оқиға желісі бойынша жазылған. Ең алғаш рет "Мәңгілік муза" 2020 жы...