Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында атом электр станциясының құрылысы жайлы айтты, деп хабарлады MAD...
TikTok-та бейәдеп сөздер айтқан қызылордалық тұрғынға айыппұл салынды
Фото: ІІМ
440
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде қолданушылардың бірі бірнеше мәрте бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын бұзғандығы анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Тексеру нәтижесінде құқық бұзушы Қызылорда қаласының 25 жастағы тұрғыны Артықбек Айғаным екені белгілі болды. Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып,оған айыппұл салынды.
Полиция интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін еске салады. Заң талаптарын бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген.
