«Қазақмыс» Жезқазғандағы жаңа өндірістік жоба бойынша келіссөз жүргізуде

Қазақмыс

ЖАҢАЛЫҚТАР
21

"Қазақмыс" корпорациясы Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлінің Қытайға жасаған жұмыс сапары қытайлық ірі инженерлік және технологиялық компаниялар: ENFI мен TCC CNCEC жетекшілерімен өткен келіссөздермен жалғасын тапты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Басқосудың басты өзегі Жезқазғанда жаңа күкірт қышқылы зауытын салу жобасы шеңберінде әріптестік орнату мүмкіндіктерін қарастыру, сондай-ақ металлургия өндірісіне арналған озық инженерлік әрі технологиялық шешімдерді талқылау болды.

ENFI — түсті металлургия бағытындағы Қытайдағы жетекші инженерлік орталықтардың бірі әрі халықаралық MetMining тау-кен металлургия тобының құрамына кіретін еншілес ұйым. Компания Қытайдағы заманауи мыс қорыту кәсіпорындарының жартысынан астамын жобалауға қатысқан.

Іссапар аясындағы тағы бір маңызды кездесу ірі өндірістік және химия саласындағы жобаларды жүзеге асыруға бейімделген қытайлық TCC CNCEC инженерлік-құрылыс компаниясымен өтті.

Келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтар мен тәжірибе бөлісу «Қазақмыс» корпорациясы үшін технологиялық серіктестікті нығайтуға, заманауи инженерлік тәсілдерді игеруге, сондай-ақ өндірістік нысандарды жаңарту мен олардың тиімділігін арттыруға бағытталған ықтимал ортақ жобаларды дамытуға берік негіз қалағаны атап өтілді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сейсенбі, 26 мамыр күні таңғы сағат 05:00 шамасында ауқымды іздестіру шаралары барысында Қаратал өзе...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласында полицейлер есірткі таратты деген күдікпен 18 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хаба...