Баланы тепкен тәрбиеші елдің жағасын ұстатты

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2375

Әлеуметтік желіде балабақшадағы баланы тепкен тәрбиешінің видеосы тарады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Мәліметтерге сүйннсек, бұл Атыраудағы "Зейнеп-Әмина" жекеменшік балабақшасы екен. Әуелі бала ата-анасына тәрбиешісі аяғынан тепкенін айтып, шағымданған. Басқа балалардың ата-аналары да балалары шағымданғанын айтқан соң, баланың әкесі балабақша әкімшілігінен видеоны талап еткен. Бейнежазба оған екі күннен кейін беріліпті. Баланың әкесі видеодан тәрбиешінің баласын тепкенін көріпті.

Осыдан кейін тәрбиеші жұмыстан босатылды. Енді ата-ана тәрбиешінің жазаланғанын сұрайды. Полиция істің барлық мән-жайын анықтап жатқанын айтты.

"Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...