«Бапкер сары қағаз алуын өтінген»: УЕФА Дастан Сәтпаевқа шара қолдануы мүмкін

Фото: kazsport.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
261

Журналистер УЕФА Дастан Сәтпаевты бапкерінің өтінішімен алған сары қағазы үшін қалай жазалауы мүмкін екенін анықтап білді. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған MadeniPortal.kz хабарлайды.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын "Копенгаген" командасымен болған ойыннан кейін "Қайрат" бапкері Рафаэль Уразбахтин сұқбат барысында Дастан Сәтпаевқа сары қағаз алуды тапсырғанын мойындады.

"Бұл менің шешімім болды. Мен оған сары қағазды алуды тапсырдым. Оның екі ескертуі бар еді. Сол себепті келесі ойындар алдында "тазаланып алуын" өтіндім. Бұл тактикалық сары қағаз болды", - деді бапкер.

БАҚ өкілдері УЕФА мұндай әрекеттерге қатысты қатаң ұаралар қолдану мүмкін екенін айтты.

"УЕФА тәртіптік регламентінің 10 бабы, d тармағы бойынша қасақана сары немесе қызыл қағаз алғаны үшін футболшы жарыстың екі матчы немесе белгісіз мерзімге ойындардан шеттету мүмкін", - делінген басылымның материалында.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...