Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1913

Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігіне қалың қар жауып, көктайғақ болып, екпінді жел соғады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік циклон әсер етуі салдарынан ауа райы құбылып, қар жауады. Батыс және оңтүстік облыстарда жауын-шашын күтіледі. Жаңбыр жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Республиканың басым бөлігінде екпіні 15-29 м/с жел тұрады.

9 қарашада түнде Қостанай облысында, 10-11 қарашада республиканың шығысында қалың қар жауады.

Республиканың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +8...+13 градусқа дейін, таулы аймақтарда +5 градусқа дейін көтеріледі. Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда күзде ауа райының қандай болатынын айтқан болатын. Қараша айында жалпы Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы өткен жылдармен салыстырғанда төмендейтіні хабарланды. Жауын-шашын мөлшері республиканың барлық дерлік аймақтарында қалыпты деңгейде немесе одан да көп болады деп болжанды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...