Қыз алып қашқандар 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2083

Қазақстанда кәмелетке толмаған қыздарды неке мақсатында еріксіз алып қашу фактілері үшін қылмыстық жаза енгізу көзделіп отыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мәлімдеді. 

Депутаттың айтуынша, қазіргі қолданыстағы «Қалыңдық ұрлау» деп аталатын бап «Неке қиюға мәжбүрлеу» деп қайта аталады. Жаңа атау мәселенің мәнін дәлірек көрсетеді.

«Бұл бапта үш деңгейлі жауапкершілік көзделген. Жай жағдайда – айыппұл. Ал егер қыз кәмелетке толмаған болса немесе күш қолдану не бірнеше адамның қатысуы анықталса, онда 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады», – деді депутат.

Мұрат Әбенов бұл мәселенің тек құқықтық қана емес, әлеуметтік сипаты да бар екенін айта отырып, соңғы үш жылдағы мәліметтерді келтірді. Оның дерегінше, 214 азаматтық шағым түссе де, тек 10 іс ғана сотқа жеткен. Қалған істердің көбісі мүлде қаралмаған.

«Қыздар көліктен секіріп, зорлық көргенін дәлелдесе де, істер жабылып қалған. Себебі құқықтық нақты негіздер мен жауапкершілік механизмдері жетіспейді», – деді Әбенов.

Жаңа заң жобасы кәмелетке толмағандарды неке үшін алып қашу, еріксіз некеге мәжбүрлеу, күш қолдану арқылы жасалатын зорлық әрекеттерді нақты қылмыс ретінде қарастырып, жазалауға бағытталған.

Бұл бастама елдегі құқықтық теңдік пен адам құқығын қорғау саласындағы маңызды қадамдардың бірі ретінде қарастырылуда. 

 

PESTEL

Түркияның Ыстанбұл қаласында 26 жастағы қазақстандық қыз қайғылы жағдайда қаза тапты. Алдын ала мәлі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көріпкел Ақгүл Есетқызы Ақтау маңындағы Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 сарбазға...