Бүгін балалар ақыны Мүбәрәк Жаманбалиновтың туғанына 100 жыл

Фото: saryarka-samaly

ЖАҢАЛЫҚТАР
2607

Бүгін балалар ақыны Мүбәрәк Жаманбалиновтың туғанына 100 жыл толды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Мүбәрәк Жаманбалинов Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің Ертіс ауданындағы меншікті тілшісі болған. Әдебиетке елуінші жылдардан араласты. «Айна бұлақ» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1956 жылы жарық көрді. Өлеңдері қырғыз, түрікмен, өзбек, латын тілдеріне аударылған.

Ақынның «Сәлем», «Ертіс лебі», «Кішкене достарға», «Менің інім», «Батыр ұстаз», «Қаламгер» өлеңдері табиғатқа, жыл мезгілдеріне, анасына, ұстазына, оқуға байланысты болып жазылған.  Мүбәрәк Жаманбалинов 1987 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағына ие болды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Италияның Битонто қаласының тұрғыны лотереядан 1 миллион еуро (шамамен 540 миллион теңге) ұтып алды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында әйелге жасалған қатыгез шабуылға қатысты сот ісі аяқталды. Қылмыстың саралануы қоға...