Басына орындық лақтырған: Ақмола облысында балабақшада жарақат алған 3 жасар қыз мүгедек болып қалды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
93

Ақмола облысында балабақшада 3 жасар қыздың басынан қатарластары орындықпен ұрған. Бұдан кейін бүлдіршіннің жағдайы нашарлап, талма пайда болған. Қыздың жақындары істің екі рет қысқартылғанына наразылық білдіріп, әділдік талап етуде, деп хабарлайды MadeniPortal.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 6 наурызда болған. Анасы Алтынай Бикемнің айтуынша, бейнебақылау камерасынан қарағанда балалар шамамен жарты сағатқа жуық тәрбиешінің қарауынсыз қалған. Сол сәтте ойын балалары Айзереге орындық лақтырған. Салдарынан ауыр жарақат алған бүлдіршінің бас миы шайқалған. Наурыздың 6-сында болған оқиғадан кейін қыз ауруханаға жеткізілген. Кейін дәрігерлер оған құрысу синдромы мен эпилепсия диагнозын қойған. 

“Біз камераны көріп, істің бәрін қолға аламыз дегенде 10-11 қараған күні қыз ұстамасы ұстап есінен танып қалады. Қызым еш нәрсені сезбейді. Ес-түссіз жатады. Сол арада біз ауруханаға жеткіздік. Келесі күні сағат 11-де қыз дәрілердің көмегімен есін жиды. Сонда ғана толық жан-жақты тексерістерді нәтижесінде бізге МРТ КТ жасалып, бас миына қатты зақым келіп, шайқалғаны туралы анықтама шығарды”, – деді Алтынай.  

Бүлдіршін дәрігерлердің тұрақты бақылауында, арнайы дәрі-дәрмекпен емделіп жүр. Анасының айтуынша, кез келген сәтте ұстамасы ұстап қалуы мүмкін. Ал балабақша басшылығы тәрбиешінің балаларды қараусыз қалдырғанын жоққа шығармайды. Бірақ бұл оқиға үшін тәрбиеші мен балабақша меңгерушісі тек қатаң сөгіс алған. Қос қызметкер де қазір жұмыс істеп жүр.

“Біз мойындаймыз. Ол рас болған нәрсе. Тәрбиеші балаларды қабылдауға түскен кезде көмекшісі декреттік демалысқа кеткен уақытта орнын алмастыратын адам тауып үлгермедік. Сол себепті ол астына бала қабылдауға түскен уақытта сондай жағдай болыпты. Біз қазір іс жүріп жатқаннан кейін тәрбиеші де, мен де жұмыстан кеткен жоқпыз”, – деді "Болашақ" балабақшасының меңгерушісі Әсем Балғабаева.

Айзеренің анасы полицияға бірнеше мәрте арызданған. Алайда қылмыстық құрам жоқ деген себеппен іс екі рет қысқартылған. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Осы уақыт ішінде қызының еміне бар күшін салып жүрген отбасы қомақты шығынға батқан. Бала күтіміне байланысты әкесі де жұмысын тастауға мәжбүр болған. Енді Алтынай кінәлілер заң алдында жауап берсін деп талап етіп отыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атыраудағы қылмысқа күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің бұрынғы жұбайына қатысты іс тоқтатылды, деп хабарл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес...