Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау министрлігінен қаржы министрлігінің қарамағына беріледі

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
942

Үкімет жүргізген талдау әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметінде жүйелі заңбұзушылықтар бар екенін көрсетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Медициналық ұйымдарда бір қызмет үшін МӘМС пен ерікті сақтандыру есебінен қосарланған төлемдер жасалған, жалған пациенттер тіркелген, қайтыс болған азаматтарға қызмет көрсетілген.

Тексеру барысында кейбір дәрігерлердің бір күнде жүздеген адам қабылдағаны, пациенттің жынысына сәйкес келмейтін скринингтер мен балаларға шамадан тыс дәрі жазу фактілері де анықталды.

Осыған байланысты премьер-министр Олжас Бектенов ӘМСҚ-ны қаржы министрлігіне беруді тапсырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...