Ер адам 20 жылдыққа барған келіншегін жауыздықпен өлтірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Қайғылы...
Президенттің Жапонияға сапары ел экономикасына не береді? – Асхат Аймағамбетов пікірі
Фото: Ақорда
ҚР Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Президенттің Жапонияға ресми сапары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
“Сыртқы саясаттағы жаһандық бәсекелестік — бұл инвестиция, технология және нарық үшін күрес. Президенттің Жапонияға сапарын дәл осы тұрғыдан қарастыру маңызды. Жапония — әлемдегі технологиясы ең озық ел. Жапондармен серіктестік орнату арқылы Қазақстан “жасыл” энергетикадан бастап, заманға сай озық көлік шығару саласына дейінгі инновацияларға қол жеткізе алады”, — деді депутат.
Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, сапар аясында қол қойылуы жоспарланған коммерциялық келісімдердің жалпы құны 3,7 миллиард доллардан асады, бұл ел экономикасына маңызды инвестициялар тартудың нақты дәлелі болып отыр. “Әлемде инвестициялар үшін қатаң бәсекелестік бар, сондықтан алпауыт елдермен келіссөздерге Мемлекет басшысының өзі қатысуы — нарықтағы тұрақтылықты көрсететін айқын қадам”, — деді ол.
Депутат сондай-ақ көпвекторлылық саясатының маңыздылығына тоқталды. “Бұл саясат дипломатиялық байланыстарды әртараптандырып, зауыттар салуға, білім трансферіне және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты мүмкіндіктерге жол ашады”, — деді Асхат Аймағамбетов.