Торғай өңірі өнерпаздарының Астанадағы концерті аншлагпен өтті. Жастар сарайының концерт залында ине...
Шайдоровтың мәселесі өз шешімін тапты
Фото: Sport.kz
Туризм және спорт министрлігі мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың мәселесін шетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Вице-министр Серік Жарасбаевнің сөзінше, келісімшарт спортшының командасына жолданып, барлық тармақтар екі тараптың қатысуымен жан-жақты талқыланған. Құжатқа қол қойылып, қаржы толық көлемде төленетін болды.
Министрлік Шайдоровтың халықаралық жарыстардағы жетістіктерін жоғары бағалады.
Шайдоров 5 маусым күні жаңа маусымға дайындық жұмыстарын бастау үшін АҚШ-қа жол тартады. Алдағы уақытта ол және оның командасы Туризм және спорт министрлігімен кездесіп, келесі Олимпиада ойындарына дайындық жоспарын талқылайды.
Еске салсақ, бұған дейін Михаил Шайдоров Олимпиададағы жеңісінен кейін бірнеше ай бойы жалақы алмағанын мәлімдеген еді. Спортшы жаңа маусымға дайындықты бастау қажет екенін, алайда қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер әлі шешілмегенін жеткізді.
Шайдоровтың сөзінше, Олимпиададан кейін оның жалақысы жарияланғаны өзіне ауыр тиген. Ол мұны жеке еңбегін және отбасының, әсіресе әкесінің көп жылдық қолдауын құнсыздандыру ретінде қабылдаған. Спортшы Олимпиада чемпионы бір жылдың ішінде дайындалмайтынын, бұл жеңіске бірнеше жыл бойы жүйелі түрде еңбектеніп келгенін айтты.