"Бес бала тауып берсең үйленемін": Динара Сұлтанға күйеуі қандай талап қойған?

Жаңалықтар
3272

Динара Сұлтан не себепті бес баласының әкесімен үйлену тойын тым кеш атап өткенін айтып берді. Танымал әнші тек он жыл өткен соң ғана ақ көйлек киіп, өзін қалындық сезінген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жеке өміріне қатысты тың мәліметтермен Динара Сұлтанның өзі Instagram парақшасында бөліскен.

"Он жыл бұрын жолдасым маған қалжыңдап, бір нәрсе айтқан: "Егер сен маған 30 жасыңа дейін бес бала тауып берсең, сол кезде ғана үйленемін" деді. Мен әрине күліп, ішімнен есі дұрыс пе екен деп ойлап қалғам. Жылдар өте үш қыз пайда болды. Ол кезде шетелде тұрдық. Жұмыс деп қол тимейтін жағдай болған жоқ. Сол себепті, әйел отбасын өз қолына алу керек деп тек қана жанұяммен айналыстым. Шығармашылыққа бес жыл бойы көңіл бөлмедім.

Жолдасым ұлды аңсады. Мен де сүйгеніме ұл сыйлағым келді. Әртүрлі жолдарын іздестірдім, төртінші бала дүниеге келді. Қой, қайтайық енді деп Қазақстаныма көшіп келдік. Ұлымыз бір жасқа толғанда бір нәрсені сездім. Тағы сәби күтіп жүрмін екенмін. Алланың қалауымен бесіншісін дүниеге әкелдім. Ұлымыз бір жасқа толарда жолдасым: "Есіңде ме мен саған бес бала тапсаң, үйленемін дегем", деп күлді. Үйленейік деді.

Мен шыны керек ол қалжыңды ұмытып та кеткем. Соңында маған "Бірақ, сен бір нәрсені үлгермедің" деді. Тағы кімді?! деп мен шошып кеттім. "30 жасқа дейін үлгермей қалдың" деп тағы қалжыңдады. Шыны керек ешқандай қатал сынақтан өтпедім. Бәрі ойын-күлкі витамин ғой. Сондықтан әрдайым позитивте болайық" , - деп ағынан жарылды әнші.

author

​Динара Сұлтан

ӘНШІ

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...