Жұлдыз Әбдікәрімова жақын адамының опасыздық жасағанын айтты

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1116

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова басынан түрлі сынақтар өтсе де дегеніне жеткенін айтқан, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Актриса ештеңеге сынбай, дегеніне жетіп баспаналы болғанын хабарлап, осы күнге жету жолында көптеген қиындықты бастан өткергенін жасырмаған. 

"Бір жыл бойы қатты қиналғаныма, ауырғаныма, күрескеніме, кейбір жайттарды үнсіз жұтқаныма, жақынымнан көрген опасыздыққа, басыма келген сынаққа сынып кетпей, ешкімге жалынбай, жылап-сықтамай, ешкім жайында лям-мим демей, күл-талқан боп қирап жатқан жерімнен жинақталып, қайта тұрғаныма, эмоцияға берілмей сабырлық танытқаныма сіз – менің оқырманым, шынайы әрі мейірімді жанашырым куә болдыңыз! Мені колдаған, дұғада болған әрбір жанға алғыс айтамын!», - деп жазды актриса.

Жұлдыз Әбдікәрімова желі қолданушыларымен қуанышын бөлісіп, жаңа баспанасында түсірілген видеоны жариялады.

"Жаңа адаммен, жаңа үйде, жаңа өмір", – делінген видеода. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...