Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі үшінші рет ана атанды, деп хабарлады MadeniP...
Бетперде киген азамат азамат кім? Ғалым өз болжамын айтты
Коллаж: әлеуметтік желі
Алаштанушы ғалым, публицист Сұлтан-Хан Аққұлы әлеуметтік желіде соңғы уақытта қызу талқыланып жүрген бетперде киіп қайырымдылық жасайтын жұмбақ азамат туралы өз болжамын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Әлеуметтік желілерде қара бетперде тағып, мұқтаж жандарға көмектесіп жүрген азаматтың видеолары жиі тарайды. Ол ауыр дертке шалдыққан балаларға қаржылай қолдау көрсетіп, баспанасыз отбасыларға үй алып беріп, қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетіп жүр.
Алайда оның кім екені әлі күнге дейін нақты белгісіз. Ұзын бойлы, үнемі бетперде тағып жүретін азаматтың кім екені желі қолданушылары арасында түрлі болжамға себеп болып отыр.
Сұлтан-Хан Аққұлы да өз нұсқасын айтып, жұмбақ қайырымдылық жасаушы Димаш Құдайберген болуы мүмкін деген болжам білдірді.
«Мен де кім екенін іштей сеземін. Қазақтың Құдайберген Димашы деп ойлаймын. Немесе Димаштың атынан халыққа көмектесіп жүрген жақын досы», – деді ғалым «Adal ADAM» YouTube арнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, жұмбақ азаматтың жасаған қайырымдылық істері көпшілікке үлгі боларлық.