“Бір жұмысшы қаза тапты” Астанада жол жөндеп жүрген жұмысшыларды көлік қағып кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1444

Астанада жол жөндеп жүрген жұмысшыларды көлік қағып кетті. Жол апаты салдарынан бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қайғылы оқиға 18 тамызға қараған түні болды. Көлік жүргізушісі жол ережесін ескермей, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан екі адамды қағып кеткен. Жұмысшылардың бірі көз жұмды, екіншісі ауруханаға жеткізілді.

Қалалық ПД баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция жолда белгіленген талаптарды қатаң сақтауға және жүргізушілерді абай болуға шақырады», деп хабарлады полиция.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...