Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжатта...
Павлодар облысында жол жұмыстары кезінде жырадан адам сүйегі табылды
Фото: ЖИ
1588
Павлодар облысында жол жұмыстары кезінде жырадан адам сүйегі табылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«14 тамызда Ақтоғай ауданы Жаңауыл ауылының маңында жол бойындағы жырада жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшылар сүйек сынықтарын тапқаны анықталды», - деп жазылған хабарламада.
Сүйек сынықтарын табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті іс-шаралар кешені тағайындалады, олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.
Тергеу барысында басқа да мән-жайлар анықталады.