Ұлттық музейде АҚШ-тың жеке коллекцияларының бірегей көрмесі ашылды. Экспозицияға 19-20 ғасырдағы та...
Бірінші әйелін өлтірген: Астанада отбасылық жанжалдан ерлі-зайыпты көз жұмды
Фото: видеодан скриншот
Астанадағы "Шығыс" тұрғын үй кешенінде болған отбасылық жанжал ерлі-зайыптылардың өлімімен аяқталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz KTK.kz -ке сілтеме жасап.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жанжал кезінде 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салған. Кейін ер адамның өзі де көз жұмған. Екеуі де оқиға орнында қайтыс болған.
Полиция қазір болған жағдайдың барлық себебі мен мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіп жатыр.
Қайғылы оқиға тұрғын үй кешенінің тоғызыншы қабатындағы пәтерлердің бірінде болған. Көршілердің сөзінше, оқиға түнгі уақытта өрбіген.
Куәгерлердің бірі 12 жастағы баланың пәтерден жүгіріп шығып, айғайлағанын естігенін айтқан. Кейін көршілер пәтер ішіндегі жағдайды байқап, полиция шақырған.
Тұрғындардың айтуынша, бұл отбасы Астанаға Шымкенттен жуырда көшіп келген. Бұған дейін олардың қандай да бір оғаш әрекеті байқалмаған.
Қазір оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.