Астанада әкімдіктің мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында бакалавр бойынша жоғары оқу орнына құжа...
«Ұйықтап отыр ма?»: Дәулет Мұқаев Үкімет сағатындағы әрекеті үшін сынға қалды
видеодан алынған скрин
Кеше, 13 қазанда өткен Үкімет отырысында депутат Дәулет Мұқаевтың іс-әрекеті әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Желіде тараған видеодан оның шаршаңқы күйде отырғаны, көзін әрең ашып отырғаны байқалады. Алайда халық қалаулысы бұл пікірлермен келіспейтінін білдірді.
Ол бұл жағдай бойынша өзінің әлеуметтік парақшасында түсініктеме берді:
«Шындығын айтсам, Үкімет отырысында отырудың өзі қиын болды. Соңғы уақытта белімде L-5, L-6 тұсында протрузия анықталған. Бел омыртқам не айналып кеткенін, не жарыққа айналғанын білмеймін – әйтеуір, отырған да, жатқан да қиын. Отырыс біткен соң бірден ауруханаға барып, укол салдырдым. МРТ-ға тек келесі аптаға жазылдым. Енді сол уколдың күшімен әрең дегенде үйге жеттім. Жеткізген жүргізушіге алғысым шексіз», – деп жазды депутат.