“2 адам мерт болды”: Жетісу облысында трактор жеңіл көлікпен соқтығысты

Фото: Видеодан алынған кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2771

Жетісу облысында Жарлыөзек ауылында МТЗ-80 тракторы жеңіл көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Көксу ауданы Жарлыөзек ауылында болған. Жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Мәліметтерге сүйенсек, МТЗ-80 тракторының жүргізушісі Volkswagen Passat көлігімен соқтығысып, содан кейін инерция бойынша Toyota Carina көлігімен тағы бір соқтығысқан.  Апат салдарынан екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты, алты адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Полиция өкілдері көлік жүргізушілерін қыс мезгілінде жылдамдық режимін қатаң сақтап, көліктерді маусымдық пайдалану жағдайларына уақытында дайындауға үндеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...