Қазақстанда Атом есімді 5 адам тұратын болып шықты. Олардың ең кішісі – 3 жаста, ал үлкені &nd...
Қазақстанда Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы атап өтіледі
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Тоғжановтың төрағалығымен М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындық жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz ресми сайты хабарлады. Жиынға бірқатар мемлекеттік орган өкілдері мен өңір әкімдері, Қазақстан жазушылар одағы мен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының басшылығы, танымал тарихшылар мен әдебиеттанушылар қатысты.
Қазақтың заңғар жазушысының мерейтойын атап өту жөніндегі жалпы республикалық жоспарға сәйкес биыл 4 бағыт бойынша 82 іс-шара ұйымдастырылады. Оның ішінде М.Әуезовтің әдеби-мемориалдық музейі ғимаратына ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізіліп, Шолпан-Атада жазушының бюсті орнатылады. Мектеп оқушыларына арналған «Әуезовтану» бейнедәрістер циклы әзірленіп, әдеби подкасттар жасалады. Халықаралық театр фестивалі өткізіліп, «Ақан-Зайра» трагедиясы алғаш рет сахналанатын болады. Сондай-ақ «Қилы заман» повесі бойынша телехикая түсіру қолға алынады. Шетел мұрағаттарында М. Әуезовке қатысты құжаттар зерделеніп, тың материалдарды іздестіру қарастырылған. Одан бөлек, өңірлік деңгейде жоспардан тыс 500-ден аса мерекелік шара өткізу көзделіп отыр.
Кеңес барысында әдебиеттанушылар мен жазушылар тарапынан мерейтойды атап өтуге қатысты бірқатар ұсыныс айтылып, жұмыс тобы оларды іс-шаралар жоспарына енгізуді мақұлдады.