Армида Салсия Алишахбана, БҰҰ Бас хатшысының орынбасарыӘлемдік жетекші ғалымдар мен сарапшылар осы а...
Көкшетаудағы автотұрақта болған өлімге байланысты жүргізушінің күйеуіне іс қозғалды
Видеодан алынған скрин
Көкшетау қаласында жаяу жүргіншіні көлігімен басып кетіп, өліміне себеп болған әйел жүргізушінің күйеуіне бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Әділовтің айтуынша, жүргізушіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Анықтама: Қылмыстық кодекстің 345-бабы — «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы».
«Жүргізушіге қатысты 345-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кеше сот оның бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алу туралы шешім шығарды. Тергеу жалғасып жатыр», — деді Санжар Әділов.
Сондай-ақ ол күдіктінің күйеуіне қатысты да көлікті басқаруды заңсыз бергені үшін қосымша қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады.
«Бұдан бөлек, көлікті заңсыз басқаруға берген адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 349-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл — күдіктінің күйеуі. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Аталған бап бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Соңғы шешімді сот қабылдайды», — деп түсіндірді вице-министр.