Қазақстан Қытайға жер бермекші: Министрлік не дейді?

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2013

Қазақстан Қытайға орасан зор жер телімін береді деген ақпаратты Ауыл шаруашылығы министрлігі теріске шығарды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Әлеуметтік желілерде Қазақстан кең жер телімдерін Қытайға беруді жоспарлап отырғаны туралы хабар тарады. Ақпаратқа ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен СІМ түсініктеме берді.

Хабарлама авторының айтуынша, бұл мәселе бойынша келіссөздер 2009 жылдан бері жүргізіліп келеді, ал жалпы жер көлемі 1,7 млн гектарға жеткен.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын түсіндіріп, пайдаланушыларға көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске салды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі Бұл хабарламаны жалған деп атады.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...