Ерте таңнан бері «ЭКСПО» аумағына елорда тұрғындары ағылып жатыр. Астана Наурыз мерекесі...
Бишімбаев соты: Бүгін полицейлер, жедел жәрдем дәрігері мен марқұмның құрбысы куәлік етеді
Фото интернеттен
Бүгін Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы сағат 10.00-де басталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Бүгінгі сот отырысында марқұм Салтанат Нүкенованың екі немере бауырын, концертте бірге болған құрбысын, жедел жәрдем дәрігерін және оқиға болған орынға алғашқы боп келген полицейлерден куәлік алынады.
Сондай-ақ әлеуметтік желіде Бишімбаев сотының барысы әлі қызу талқыға түсіп отыр. «Не молчи.кз» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі бұл қарым-қатынасты танымал экономист Олжас Құдайбергеновтің жұбайымен қарым-қатынасына ұқсатты.
Масқара, Бишімбаев Салтанатты жұбайы ретінде бірқатар міндеттерді орындауға жауапкершілік алатынын растайтын қолхат жазуға мәжбүрлеген! Естеріңізде болса, Олжас Құдайбергенов те әйелі Мөлдір Қабылға дәл осындай қолхат талап еткен еді, Мөлдір оны баспасөз мәслихатында жария етті. Мен бұған дейін де олардың әрекеттерін салыстырып отырдым, ал қазір сотта оқылған қолхат абьюзерлердің қолтаңбасы бірдей екенін растады! Бишімбаевтың адвокаттары бұл қолхатты неге қайт-қайта ұсынып жатқанын түсінбеймін, бұл тек Салтанаттың қатыгез қарым-қатынаста болғанын растайды! - деп жазды Дина Таңсәрі.