Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады?

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
170

2026 жылдың қазан айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар 10 күн демалып, 21 күн жұмыс істейді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қосымша демалыс 25 қазан – Республика күніне байланысты беріледі. Биыл ұлттық мереке жексенбіге түсетіндіктен, демалыс күні 26 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады. Бұл 2026 жылға арналған ресми өндірістік күнтізбеде көрсетілген.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтарды қатарынан үш күндік демалыс күтеді:

24 қазан, сенбі – демалыс күні;

25 қазан, жексенбі – Республика күні;

26 қазан, дүйсенбі – мерекеге байланысты ауыстырылған демалыс күні.

Ал 27 қазан, сейсенбіде қазақстандықтар қайта жұмысқа шығады.

Алты күндік жұмыс аптасында да 25 қазаннан берілетін демалыс 26 қазанға ауыстырылады. Ресми өндірістік күнтізбеде бұл тәртіп бес күндік және алты күндік жұмыс аптасына да қарастырылған.

Айта кетейік, Республика күні – Қазақстандағы ұлттық мереке. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы қабылданған. Бұл құжат Қазақстанның кейін тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына негіз болған маңызды тарихи актілердің бірі саналады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Елдос Қанаев әлеуметтік желідегі жазбасында ажырасуға кеңес беретін коучтар мен өзін «дан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Продюсер Дариға Бадықованың экс-күйеуі Дархан Мұсаев өнер саласына қатысты ойын айтты, деп хабарлайд...