Бишімбаевтың анасы 1 млн доллар үшін туысымен соттасып жатыр

Фото: Жоғарғы сот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1151

Астанада Куандық Бишімбаевтың анасы туысын 1 миллион долларды иемденіп алды деп айыптап, сотқа жүгінді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.

Іс Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы бойынша («ірі көлемдегі алаяқтық») қаралып жатыр. Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова туысы Бекзат Кемелованы кінәлап отыр.

Айта кетейік, биыл көктемде Бишімбаевтардың ата-анасы осы әйел мен оның жұбайына да сотқа шағым түсірген еді. Олар 1 миллион долларды сақтауға бергенін, бірақ кейін қаражат қайтарылмағанын айтқан.

Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, Кемелова тергеу кезінде Бишімбаевтың анасының күйзелісін пайдаланып, ақшаны өзіне беруге көндірген.

Ал айыпталушының адвокаты Игорь Вранчев бұл айыптауларды жоққа шығарып, істің артында туыстар арасындағы дау бар екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, жанжал Кемелованың күйеуі – бұрынғы сот-медициналық сарапшы – Бишімбаевтар отбасына көмектесуден бас тартқаннан кейін туындаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысында 16 жастағы қызды буындырып өлтірген ер адам 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Ma...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қауіпсіздік кеңесінің аппаратында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Бүгін бірнеше лауазымға жаңа ба...