Бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі өлім жазасына кесілді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1004

ҚХР-ның бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Тан Жэньцзянь 2007 жылдан 2024 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет ете отырып, лауазымын асыра пайдаланған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ол жалпы сомасы 268 миллион юаньнан (шамамен 38 миллион доллар) асатын қаржы иемденген.

25 шілдеде шенеуніктің ісіне қатысты соңғы сот отырысы өтті. Экс-министр өзінің кінәсін мойындап, ісіне өкінді. Сот осыны ескере отырып, оның өлімін екі жылға кейінге шегерді.

Тан министрліктен бөлек, Оңтүстік Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы халық үкіметі төрағасының орынбасары және елдің солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясы халық үкіметінің төрағасы сияқты қызметтерді атқарды. Ол сондай-ақ ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігі басшылығының партиялық тобының хатшысы болды.

Экс-министрге осы жылдың сәуір айында айып тағылды. Іс Чанчунь халық прокуратурасымен қозғалды. Ал тергеу өткен жылдың қарашасында басталып, желтоқсанда қамауға алынды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

22 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давосқа жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген бір...