БҚО-да бас салықшы пара алғаны үшін сотталды

Фото: БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

ЖАҢАЛЫҚТАР
414

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасын басқарған Әділбек Нұржаубаевқа қатысты жемқорлық дерегімен қылмыстық іс қаралып, ол жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Сот оның өзін ақтауға бағытталған уәждерін қабылдамай, бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды.

Аудандық сот Әділбек Ерсайынұлын Қылмыстық кодекстің 366-бабы («Пара алу») бойынша кінәлі деп таныды. Судья Әлібек Нұрғалиевтің шешіміне сай, бұрынғы шенеунік 3 жыл 6 ай мерзімге орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде жазасын өтейді. Бұдан бөлек, оған мемлекеттік органдарда және қаржы саласындағы құрылымдарда өмір бойы қызмет атқаруға тыйым салынды.

Тергеу материалдарында салық қызметкері жергілікті кәсіпкерден заңсыз ақша алғаны көрсетілген. Үкімге сәйкес, пара ретінде алынған 1 млн 390 мың теңге мемлекет кірісіне өндірілді. Жаза белгілеу кезінде сот оның бұған дейін сотталмағанын әрі кәмелетке толмаған төрт баласы барын ескерген. Жаза мерзімі қамауға алынған күннен бастап есептеледі.

Нұржаубаев кінәсін соңына дейін мойындамаған. Ол тергеу барысында өзіне қарсы қастандық жасалғанын, сондай-ақ арандатушылық болғанын мәлімдеді. Айтуынша, ұстау кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері күмән тудыратын әрекеттерге барған және іске қатысы жоқ адамдар куә ретінде тартылған. Дегенмен сот бұл мәлімдемелерді негізсіз деп бағалады.

Сонымен қатар, Нұржаубаев аталған лауазымға жақында ғана келген: облыстық департамент басшылығы оны аудандық ұжымға 2024 жылдың қыркүйегінде ресми түрде таныстырған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желілерде Ұлттық Сурдлимпиадалық комитетінің вице-президенті Арсен Шакуов әйелге күш қолд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет Қордабай бала күнінде футболмен кәсіби айналысуды армандағанын...